Махачкалада лаңкестікке қарсы операция режимі енгізілді

АСТАНА.  Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат -Дағыстанның  елордасы- Махачкалада  жұмаға қараған  түні милиция  бекетіне  шабуыл жасалды.

3 адамнан   тұратын  шабуылдаушылар   қала ғимараттарының  біріне   кіріп бой  тасалап,   нәтижесінде    ұрыс болды,  деп  хабарлайды  «Вести»  телеарнасы.

 Содырлар    мәскеу уақыты  бойынша сағат  23.00-те  шабуыл   жасаған,      милиционерлердің бәрі аман-есен.  Іздеріне түскен   тәртіп сақшыларынан     қашқан     содырлар жеке  үйлердің біріне    жасырынып,    милиционерлерге    қарсы    оқ атқан.   Нәтижесінде оқиға  орнына  арнаулы  жасақтың  қосымша күштері   тартылды.

 Түнде  ауданда    қиян-кескі   ұрыс  болды,    екі жақтан да оқ  жаудырылды.    Атыс  орнына арнаулы  жасақпен   қоса,   сауытты техника   тартылды,    милиция    жақын төңіректің   барлығын   қоршауға алды.    Операция аумағында лаңкестікке  қарсы   режим  енгізілді.

 Қазіргі уақытта  барлық содырлардың көзі  жойылды,    олардың тұлғалары анықталуда.