ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті уақыт бойынша 18.10-да қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болған.
«Күйік шалған үш зардап шегуші республикалық ауруханаға жеткізілген. Олардың бірінің денесінің 90%-ы күйген. Екінші адамның денесінің 50 пайызы, үшіншісінің 30 пайызы күйген. Сондай-ақ, жарықшақтар тиіп, жеңіл жараланған бір әйел де госпитальға жатқызылған», - делінген хабарламада.
Дағыстан ТЖМ-і жарылыс кесірінен үш жеңіл көлік және бір жүк машинасы зақымданғанын хабарлаған.