Автомобильге оқ ату салдарынан Дағыстан Мұсылман Діни Басқармасының басшысы Магомедвагиф Сұлтанмагомедов көз жұмды. Ол сондай-ақ, «Махачкала-ТВ» телеарнасы мен «Нурул Иршад» («Ақиқаттың сәулесі») басылымына жетекшілік еткен болатын.
Қазіргі уақытта автомобильге оқ ату салдарынан жарақат алған тағы бір азамат ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ол ВАЗ-21099 көлігін жүргізіп келген болатын.
Бүгінгі күнде қанды оқиғаның ақ-қарасы тексерілу үстінде.