Махакам өзенінде паромның апатқа ұшыруы салдарынан жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша Индонезияның Махакам өзенінде паромның апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Қазақстанның Индонезиядағы елшілігінен келіп түскен алдын ала мәліметтерге сәйкес, Махакам өзенінде орын алған апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді А. Әбибуллаев. Еске сала кетсек, бұған дейін хабарланғандай «KM Surya Indah» паромы өткен аптада Индонезияның Шығыс Калимантан провинциясында Махакам өзенінде апатқа ұшыраған болатын. Соның салдарынан бір адам қаза болып, 20-дан астам адам із-түссіз жоғалғаны туралы хабар таратылған еді.