«Тұтастай алғанда жағдай тұрақты. 26 мамырдан бастап облысымыз «сары» аймақта. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 16 пайызды құрайды. Ем алып жатқан науқастардың саны – 337. Облыс бойынша 12 стационарда 2 098 науқасқа инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек дайындалды», - деді облыс әкімі.
Оның дерегінше, ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Облыс бойынша барлық талаптарға сай келетін вакцинация салатын 41 екпе пункті ашылды.
«Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін алды. Өңірімізде қазіргі кезде 385 субъект «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеуде», - деді Махамбет Досмұхамбетов.