Онда Қазақстан мен Венгрия құрамаларының бірлескен командасы бақ сынайтын болады. Қазақстан намысын қорғауды бапкерлер 2010 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпаздары Ғабит Төлепбай (55 кг) мен Мақсат Дауылбаев (66 кг) және жасөспірімдер арасындағы 2009 жылғы Азия чемпионы Саятбек Оқасовқа сеніп тапсырып отыр. Ал 74, 84, 96 және 120 келі салмақтарда бұл дүбірлі додада команда намысын Венгрия балуандары қорғамақ. Әлем кубогы алдында қазақстандық балуандар қазір Минскіде өтіп жатқан 3 дүркін Олипиада чемпионы Александр Медведтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр. Жарыс 5-наурыз күні аяқталады.
12:53, 04 Наурыз 2011
Махашқалада еркін күрестен Әлем кубогы өтеді
АЛМАТЫ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 19-20 наурыз күндері Ресейдегі Махашқалада еркін күрестен Әлем кубогы жарысы өтеді.