Сауда кемесінде қызмет ететін Ирандағы бірінші және жалғыз әйел 1999 жылғы Махкиа Садеи Монфаред өзінің кәсіби мансабын 2021 жылдың 11 мамырында Иранның солтүстігіндегі Ферейдункенар портында бастады.
«Гендер мақсатқа жету жолында кедергі болмауы керек, осы салаға келерде келешекте жұмыс орындарының гендерлік бағытталған болмауы үшін қалыптасқан табуды бұзуға тырыстым», - деді ол.
Садеги Монфаред қиындықтарға қарамастан, прогреске жетіп, бір күні кеме капитаны болғысы келетіні туралы айтты.
Иранның Порттар және кеме қатынастары ұйымының деректері бойынша, қазіргі кезде 347 теңізші әйел балықшы теңізшілер, жолаушылар кемелері секциясында, сонымен қатар кейбір әйелдер офицерлер санатында жұмыс істейді. Дегенмен сауда кемесінде офицерлер разрядында әйел адамның қызмет етуі ел тарихында бірінші рет болып отыр.