Өзінің бұл шешімі жайлы палестиндік көшбасшы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында өтіп жатқан ел басшыларының отырысында жария еткен.
Аббастың отставкасы автоматты түрде ПАҰ-ның жаңа құрамы сайланатын Палестина Ұлттық кеңесінің (ПҰК) төтенше сессиясын өткізуге жол ашады. Сессия 1996 жылдан бері өткізілмеген болатын.
ПҰК Палестинаны азат ету ұйымының жоғары органы болып саналады. Оған 740 адам мүше. ПҰК-нің соңғы кеңесі 2009 жылы өткен еді.