Махмуд Ахмадинежад Иран президенттігіне кандидат ретінде тіркелді
10:58, 10 Мамыр 2009
ТЕГРАН. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат - Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад маусымның 12-сінде өтетін президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Иранның реформаторлық күштерінің көшбасшысы, елдің бұрынғы президенті Мохаммад Хатами сайлау күресінен өз еркімен шығып қалғаннан кейін, сарапшылар Ахмадинежадтың негізгі қарсыласы ретінде Мирхоссейн Мусавиді атауда. Ол 1981-1989 жылдары елдің премьер-министрі болған азамат. Иран конституциясына сәйкес, президент атқарушы биліктің басшысы болып табылады. Ал жоғарғы билік рухани көсем Әли Хаменеидің қолында.