Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды
17:32, 14 Қыркүйек 2025
Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.
Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.