Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында бүгін Махмұд Сабырхан қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Махмұд Сабырхан 54 келіде жапониялық Томоя Цубоимен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта Махмұд қарсыласын 3:2 есебімен сүріндірді. Дегенмен екінші раундта қарсыласына 0:5 есебімен жеңілді.

Жалпы нәтижеде жапониялық жеңіске жетті. Осылайша Махмұд күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, бүгін финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі) таиландтық Вуттичай Юрачайды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, 6 қарашада Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов (57 келі) алтын жүлдеге таласады.

Ал ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді.

Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.