АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы жартылай финалда әлем чемпионы, кубалық Йосвани Вейтиямен жұдырықтасты.
Бірінші раундта бес төреші түгел қазақстандық босшы басым деп тапты. Екінші кезеңде төртеуі берді. Қорытынды есеп - 5:0.
Еске сала кетейік, бүгін бес қазақстандық боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Қазақстан құрамасынан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).