Polisia.kz мәліметінше, ішкі істер органдарында болған кадрлық өзгерістерге байланысты бүгін Қызылорда облысының активі өтті.
ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге ПД-нің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды.
Махсудхан Нұғманұлы 1962 жылы туған.
1990 жылы инженер мамандығы бойыша Қазақ политехникалық институтын бітірген, 2001 жылы – заңгер мамандығы бойынша Орта-Азия университетін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1981 жылы бастаған.
Жауапты басшылық қызметтерде болған. 2016 жылдан бастап БҚО ПД бастығының қызметін абыроймен атқарған.