Басылымға Мильнердің өзі хабарлағандай, жобаның басты мақсаты жерге ғарыштан түсуі мүмкін белгілер туралы ақпаратты жинау, өңдеу және тарату болмақ.
Ол жобаға физик Стивен Хокинг, Френк Дрейк пен Джефф Марсидің атсалысатындығын атады. Бизнесмен оның екеуі де зерттеу үйлестірушілері ретінде жобаға қатысуға келісім бергенін айтты.
Мильнер жобаны өз қаражатымен қаржыландырады. Сонымен қатар бизнесмен телескоп пен компьютер желілерін жалға алуды қаржыландыруды да көздеп отыр.