«Экипаж ұшақты қондыру кезінде сызбамен белгіленген нормативтік құжаттамаға сәйкес стандартты кіруді орындай алған жоқ. Ұшу-қону жолағына қатысты ұшақтың жағдайын "қонатын емес" деп бағалай келе, экипаж диспетчерге баяндап, TOGA режимінде (Take Off / Go Around. Ұшу / Екінші айналымға кету) екінші айналымға кете бастады. Сонымен қатар, қону кезінде пайдаланылатын екі автопилоттың бірі істен шығып, әрі қарай ұшу қолмен айдау тәртібінде жүзеге асырылды", - деп айтылған мамандардың есебінде.
Түсіндіруден осыдан соң қозғалтқыштардың ұшуға жақын режимге шыққаны ұғынықты болды.
700 метр биіктікке көтеріліп, ұшу соңында лайнердің тангаждық бұрышы 75°-қа жетті. Ұшақ сағатына 450 шақырымнан астам жылдамдықпен жерге соғылды. Есепте екінші айналымға өту сәтінен қара жәшіктегі жазудың аяқталуына дейін 45 секундқа жуық уақыт өткені айтылған.
"Күш құрылғылары ұшақтың жермен соқтығысуына дейін жұмыс істеп тұрған. Алдын ала сараптау қорытындысы бойынша ұшақ және қозғалтқыштардың жүйелері мен агрегаттарынан ақаулар анықталған жоқ", - деп түйіндеді МАК мамандары.
Еске сала кетейік, 17 қазан күні Мәскеуден ұшқан «Татарстан» әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы құлаған кезде бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Оның бортында 44 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Барлығы да қаза тапты. Олардың арасында Татартстан президентінің баласы Ирек Минниханов пен республика бойынша ФҚҚБ басшысы Александр Антонов болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.