17:22, 22 Қараша 2013
МАК ұшақтарды «ескі» және «жаңа» деп бөлмеуге өтінді
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) Қазандағы «Боинг» апаты жөнінде мезгілінен бұрын қорытынды шығарудан тартынуға шақырды. Айта кетейік, апатқа ұшақты пайдалану мерзімі ықпал етуі мүмкін деген тұжырымдар да сөз болған еді. Бұл ұшақ 20 жыл бұрын шығарылған көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанда Мәскеуден Қазанға бағыт алған «Боинг» қону кезінде апатқа ұшырады. Соның салдарынан 44 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің өмірі қиылды.
ВВС-дің жазуынша, МАК өзінің мәлімдемесінде халықаралық ұйымның стандарттары бойынша азаматтық авиацияда «ескі» және «жаңа» ұшақ деген түсінік жоқ екенін атап өткен. «Әуе кемелерінің апаттары мен ұшақтың жасы арасында тікелей байланыс жоқ»,-делінген комитет мәлімдемесінде. Сонымен қатар комитет ауыр қайғылы оқиға жағдайында «пиар» мен популизмнен тартыну өтінішін жасады. Өйткені, бұндай әрекеттер апатта қаза болғандардың туған-туысқандарының жанын жаралайды, сондай-ақ авиациялық саланың жұмысына кедергі келтіреді.