Макарон мен шай неге ҚҚС-дан босатылмады – Салық кодексі

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев Салық кодексінің Мәжіліс қабылданған нұсқасында халық көп тұтынатын азық-түліктің кейбір түрі қосылған құн салығынан босатылмағанын сынады.

- Реформаның мақсаты – әділетті, түсінікті және тұрақты салық саясаты. Алайда, ниет оң болғанымен, кодекс іскерлік ортада да, қоғамда да алаңдаушылық туындатып отыр. Біріншіден, қосылған құн салығынан босатылған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі шектеулі, - деді Зәкіржан Кузиев.

Айутынша, ҚҚС-дан босатылған тауарлардың ішінде халық жиі тұтынатын азық-түлік түрлері де бар.

- Қазақстандықтардың шығындарының 50%-дан астамы азық-түлік өнімдеріне жұмсалады. Бірақ бірінші қажеттілік деңгейіне жататын макарон, екінші санаттағы жұмыртқа, өсімдік майы, шай сияқты тауарлардың кейбір санаттары тізімнен тыс қалған. Бұл халықтың әлеуметтік тұрғыдан барынша осал қорғалған топтардың шығындары өсетінін білдіреді, - деді сенатор.

Еске салсақ, бүгін сенат депутаттары Салық кодексінің жаңа редакциясын талқылап жатыр.