Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым қатынасты дамытудың жағдайы мен болашағын талқылады. Соның ішінде 2017 жылы Н. Попоскидің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігі, сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою және бизнес форум өткізу ұсынылды.
Кездесу барысында екі ел арасындағы визалық режімді жеңілдету, туризмді дамыту және екі елдің ЖОО-лары ынтымақтастығын жолға қою мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық ұйымдар аясында екі елдің өзара қолдау жайын атап өтті.