Македонияда қазақстандық «Алтын адам» қойылған көрме ашылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты.

Көрме «Алтынадамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылыпотыр, деп хабарлайдыp Primeminister.kz ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам»қойылды. Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасыменшетелдік көрерменді таныстыру.

Солтүстік Македонияның Ұлттық археологиялық музейіндегі көрмеденкиімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегіалтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтынадамның реконструкциясын және осы жас ақсүйек сақ жауынгерімен (археологтардыңпікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының(б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға мүмкіндікбар.


Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттықмузейінің қорларынан барлығы 292 зат ұсынылды. Көрмеге ұсынылған Қазақстанныңежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениетімұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлерітуындыларының аз ғана бөлігі.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Солтүстік МакедонияРеспубликасының Мәдениет министрі Хысни Исмаил (Hysni Ismaili), ҚР Ұлттықмузейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан, Солтүстік МакедонияРеспубликасының Ұлттық археологиялық музейінің директоры Горан Санев қатысты.Олар бірегей көрме жобасы арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен, ежелгіжәне ортағасырлық өнер туындыларымен танысуларына мүмкіндік алғандары үшінқазақстандықтарға алғыс білдірді. Сонымен қатар, қос мемлекеттің өкілдеріМакедония мен Қазақстанның тарихы, өзара ұқсастығы мен ортақ көзқарастарытуралы кеңірек айтып, болашақта мәдени байланысты арттыруға сенім білдірді.

1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардыңбасында Алматының маңайында танымал археолог Кемал Ақышев зерттеп жүрген Есікқорғанынан, кейін Қазақстанның символына айналған, сақ патшасы – «Алтынадамның» сүйегі табылған археологиялық сенсация болды.

Баға жетпес олжаға«Қазақ Тутанхамоны» деген ат беріліп, «Ғасыр жаңалығы» деп танылды. Ежелгі дала билеушісінің тәжіндегіқанатты алтын пырақ әшекейлері Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бөлшегінеайналды, ал Алтын адамның мүсіні Алматыдағы Тәуелсіздік алаңына орнатылды.

Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін Қазақстан РеспубликасыҰлттық музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасынжариялады. Ауқымды шара шеңберінде Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польшажәне Оңтүстік Корея, Өзбекстан музейлерінде көрмелер үлкен жетістікпен өткенболатын.

Соңғы жаңалықтар