Македонияда саясаткер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Македония Республикасында оппозиция жетекшісі Зоран Заев шетелдің арнайы қызметтерімен астыртын байланыса отырып, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдкіпен қамауға алынды, деп хабарлады ВВС.

Осы іс бойынша тағы 4 адам қамалды. Оның ішінде Македония Барлау қызметінің бұрынғы басшысы мен оның әйелі де бар. Оларға тыңшылық және шетелдің арнайы қызметтерімен астыртын байланыс орнатты деген айып тағылды.