Ұйымның ресми сайтының хабарлауынша, «бағалы белбеудің» әзірленуіне бір жарым келі 24 қаратты алтын, сондай-ақ 3360 гауһар тас, 600 жақұт және 160 зүмірет тас қолданылған. Белбеудің өзі қолтырауын терісінен әзірленіп, жасыл түске боялған.
Бұл Флойд Мейвезердің қатысуымен өтетін айқасқа дайындалып тұрған алғашқы арнайы марапат емес. Филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы жекпе-жектегі жеңісінен кейін америкалық боксшы 1 миллион доллар тұратын «зүбәржат белбеу» иеленген болатын.