Макинск құс фабрикасы Қазақстан импортының 30% қамтиды- Ақмола әкімі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин 2018 жылдың 9 айындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында ауыл шаруашылығын қайта өңдеу саласында жыл басынан бері 19 млрд. теңгеден астам қаржы игерілді, бұл республикалық көлемдегі бюджеттің 25% (жалпы Қазақстан бойынша инвестициялардың көлемі 76,8 млрд. теңге) құрайды.

Облыста биыл ашылған Макинск құс фабрикасы тек елорда аумағын ғана емес бүкіл республиканы құс өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба.

«Бүгінде құрылыстың бірінші кезеңі іске қосылып 25 мың тонна құс еті өндірілді, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істесе, өнжірілетін өнім көлемін 50 мың тоннаға жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Кәсіпорын жыл сайын елдегі құс етінің 30% импортын жабады. Бұл дегеніміз 170 мың тонна құс еті. Бұдан бөлек ет өңдеу қуаты жылына 5,5 мың тонна болатын «Bavaria Product» ірі шошқа кешені бар», - деді М.Мырзалин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, өңірде азық-түлік өндірісінде тұрақты өсу үрдісі сақталып отыр. Осы жылдың 9 айында өсім 110,8% құрады. Оның ішінде шұжық өнімдері мен ұн - 113%, ет - 117%, өсімдік майы - 132%, сарымай - 135% құрайды.

«Өңірде биылғы жылы мал шаруашылығында зәкірлік қуаттылықты дамыту бойынша ынтымақтастықты енгізудің арқасында жемшөп алаңдарының сыйымдылығы 10 мыңға дейін өсті. Алдағы бес жылдың ішінде зәкірлік шаруашылықтарда 16 мың орынға арналған 7 мыңнан астам ет фермасы құрылады. Сол сияқты сүтті мал шаруашылығында 1000-нан астам ірі қара малға 18 отбасылық тауарлы сұт фермасы құрылды. Осы бағытта жұмыстар жалғасын табады», - деді ол.

Осыған дейін Ақмола облысында бизнестің жол картасы бойынша 15 мың жұмыс орны ашылатыны хабарланды.