КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында жаңадан салынған тұрғын үйден 40 пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аудан орталығы-Макинск қаласында орналасқан тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Тұрғын үй 20 бір бөлме, 12 екі бөлме және 8 үш бөлмеден тұрады. Баспаналы болғандардың негізі көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, 29 жасқа толмағандар мен жетімдер.
Пәтер кілтін тапсыру рәсіміне қатысқан Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов қуаныш иелерін құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.