Маккартнидің пианиносы Ливерпулдегі бәссаудада сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пол Маккартни атақты 'The Beatles 'Yesteday' хитін шығарған пианино Ливерпулде бәссаудада сатылатын болды, деп хабарлады Omega auctions аукцион үйінен.

Сауда-саттық 20 наурызда өтеді.

Сауданы ұйымдастырушылар 1907 жылы жасалған музыкалық аспапты 50 мың фунт стрелингке ($83,4 мың) бағалап отыр.

Бұл пианинода Джон Леннон да ойнаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.