«МАКС-2009» авиасалоны жасалған мәмілелер мен келісімдердің құны бойынша рекорд орнатты

АСТАНА.  Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат -     Мәскеу   маңындағы    Жуковский  қаласында осымен  тоғызыншы рет  өтіп  отырған  «МАКС-2009»   халықаралық  авиағарыш салоны    жасалған  мәмілелер мен  келісімдердің  құны бойынша рекорд орнатып  отыр.  Ұйымдастырушылардың айтуынша,

жасалған  келісімшарттардың   жалпы сомасы ең  аз  дегенде, 10 миллиард  долларды    құрайды.

2007  жылы   салонда жасалған  келісімшарттардың  жалпы сомасы 3 миллиард долларды,  ал    2005 жылы - 5 миллиард долларды  құраған болатын.  Биылғы   салонға әлемнің 34 елінен  711 компания    қатысты.

Кеше,  тамыздың 23-інде    авиасалонның   соңғы күнінде -    "Русские витязи"  пилотаждық тобы өнер көрсетті.   Олардың  бұл   ұшуы   өткен аптада  қаза болған  топтың   командирі Игорь Ткаченкоға  арналды.