Мақсат Тұрлыбаев ұлттық статистика бюросына басшы болып тағайындалды
17:00, 17 Қараша 2023
Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Ол бұған дейін Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.