Мақсат Тұрлыбаев ұлттық статистика бюросына басшы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: stat.gov.kz

Ол бұған дейін Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.