Осылайша Мақсат Үсенов салық берешегі бола тұра шет елге алаңсыз ұшып шыққан.
«Салық берешегінің болуы жеке тұлғаға Қазақстан республикасы аумағынан уақытша шығуға шектеу болып саналмайды. Ел аумағынан шығуға уақытша шектеу жеке тұлғаға «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 33 бабына сәйкес тек қана атқарушылық құжат (сот актісі) болғанда ғана қолданылады.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған жүйесінің мәліметінше Мақсат Үсеновке қатысты салық берешегін өндіріп алу туралы сот актісі жеке сот орындаушылардың орындауына келіп түспеген», - деп мәлім етті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы.
Еске сала кетсек, Мақсат Үсенов Air Astana компаниясының ұшағында кезекті жағымсыз әрекетімен көзге түсті. Ұшақ Бангкокке қонғанда жергілікті полициясы оны қамауға алмады. Ол Вьетнамға сапарын жалғастырды. Бұдан кейін Мақсат Үсеновтің салық берешегі бар екендігі мәлім болды.