Бұл жолы отандасымыз Максим Богатырёв пара байдаркадан KL1 санатында мәреге бірінші жетті. Ұлттық құрама спортшысының 8 шақырым 200 метр қашықтықтағы уақыт көрсеткіші 48 минут, 05.34 секунд. Күміс жүлде жарыс қожайыны Диего Хорхенің еншісінде.
Бұл Максимнің осы жарыстағы екінші алтыны. Ол жарыстың алғашқы күні параканоэде топ жарған.
Айта кетейік, әлемдік додаға 38 елден 683 спортшы қатысып жатыр. Барлығы параканоэден 14 бағдарламада жүлде сарапқа салынады. Параканоэден чемпионат 25 қазанда аяқталады.
Бұған дейін Азия Пара ойындарында Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енгенін жаздық.