«Қайырлы кеш, достар! Қазақстанға келгенiме қуаныштымын! Мен Астананы қатты жақсы көремiн! Мен Қазақстанды жақсы көремiн!», - дедi ол.
Айта кетейік, МузТВ сыйлығына табыстау рәсімі алғаш рет Астанада өтуде. Бұл шоуды жүз миллионнан астам телекөрермен «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. «МУЗ-ТВ сыйлығы» - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «Муз-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. «Муз-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылды.