Максим тапаншамен 50 метрден оқ атуда 540 ұпай жинады. Қазір қазақстандық спортшы Наталья Зигалованың қол астында жаттығады. Алтын медаль Словакия спортшысына бұйырды.
Айта кетейік, осымен Гран-при жарысы аяқталды. Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама сапынан Қазақстан әйелдер құрамасы (Александра Садуакасова, Фатима және Зухра Ирназарова) күміс, Қазақстан ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлде алған.
Барлығы Пльзеньдегі турнирде 23 мемлекеттен 550 мерген сынға түсті.