Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысында өнер көрсетті.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр. Осы нәтижемен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Мысыр өкілі Яхья Саваби дискіні 68,23 метрге лақтырып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ямайка спортшысы Камари Кеннеди (66,31 метр) иеленсе, үздік үштікті чилилік Витторио Горзилья (56,00 метр) түйіндеді.

Ал Маргарита Косинова қашықтықты 1 минут 5,84 секундта жүгіріп өтіп, мәреге жетінші болып келді.

Бұл жарыста Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Меган Ниман 1:00.56 нәтижесімен жеңіске жетті. Словениялық Зарья Зижек (1:00.98) екінші, ганалық Мэри Коффи (1:01.59) үшінші орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалға әр жартылай финалдық жүгіруден үздік төрт спортшы және қалған қатысушылар арасындағы ең жоғары нәтиже көрсеткен бір спортшы жолдама алды.

Осылайша, Маргарита Косинова жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.

Айта кетейік, Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды.