Олардың мүдделеріне енді жаңа құрылым - Денсаулық сақтау ұлттық палатасы өкілдік ететін болады.
Бұл туралы Денсаулықты дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жаңа құрылым «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы жанынан құрылып, денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген 200-ден астам қоғамдық ұйымды біріктіреді. Денсаулық сақтау ұлттық палатасының президенті болып медициналық ғылымдар докторы, профессор, АҚТБ/ЖҚТБ, көкжөтел және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық қордың мүшесі Мақсұт Құлжанов сайланды.
Денсаулық сақтау ұлттық палатасы денсаулық сақтаудағы өзекті проблемаларды шешу және медициналық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара әрекет ететін болады. Бұдан басқа, палата мүшелері жобалардың сараптамасына және тәуелсіз сараптаманы өткізуге, құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетуге, сондай-ақ өзге де көптеген мәселелерге қатысатын болады.
Жұма, 29 маусым күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау ұлттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қою жоспарланған.