Мақсұт Нұриманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлығынан босатылды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсұт Әнуарбекұлы Нұриманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.