«Өнеркәсіп пен тұтынушылар жейде, көйлек, костюмдер мен шұлықтарды қосқанда, мақтадан жасалатын барлық бұйымдар бағасының айтарлықтай өсуіне дайындалуда», - деп мәлімдеді Лондон тауар биржасының өкілі.
11:41, 19 Ақпан 2011
Мақта бағасының рекордтық қымбаттауы салдарынан әлемдік өнеркәсіп киім бағасы қымбаттамақ
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазір әлемдік тауар нарығында мақта бағасы рекордтық деңгейге - бір қадағы 2 долларға жетті. Сайып келгенде, соңғы 12 айда мақта 171%-ға, ал ағымдағы жылы 40%-ға қымбаттады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.