Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» оқу-жаттығу жиыны өтті
23:53, 05 Қараша 2019
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында өткен жиында басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау шаралары пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Командалық-штабтық оқу-жаттығуға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығын қарап шықты. Қыс кезіндегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-әрекеттер, атап айтқанда көшіру іс-шараларын, ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесу жоспарларын нақтылады.
Сондай-ақ, барлық деңгейдегі авариялық-құтқару, диспетчерлік және болжау қызметтерінің жұмысын, жедел кезекшілік пен басқаруының ұйымдастырылуын, хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығын тексерді.