Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.
Спорт алаңына 2066 көрермен сыяды. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылатын болады.
«Құрылыс сапасын тексерген аудан әкімі Бақыт Асанов кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасап, нысанның құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды»,-делінген хабарламада.