Биыл ауданда 136,4 мың гектар суармалы егістіктің 83,5 мың гектарына мақта шиті орналастырылса, 27 мың гектарына бақша, 4,8 мың гектарына көкөніс, тағы басқа дақылдар егілді.
- Қазірдің өзінде аудан диқандары мол өнімді саудаға шығарып үлгерді, - дейді Ділдәбеков ауылдық округі диқандарының қауын алқабында жолыққан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев бізбен әңгімесінде.
- Баға диқандар үшін өте тиімді болып тұр. Қауын-қарбыз еліміздің солтүстік облыстарына және алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелтілуде.
Ділдәбеков және Ералиев ауыл округтері диқандары біз барған күні Мәскеу және Беларуське алғашқы өнімдерін жөнелтті.