Мақтаарал диқандары қауын-қарбыздарын шетелге экспорттауда

Фото:
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Жыл сайын маусым кезінде Мақтаралдан күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса қарбыз еккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрыннан балдай тәттілігімен, ерекше үлкендігімен танымалболған «Мырзашөл» қауынын экспортқа ыңғайластырып, бүгінде облыстағы бірнешеаудандардың диқандары жаппай егіп жатқан «Жиенбет», «Валеть» сияқты т.б.қауынның сорттарын жасап шығарды.

Жаңа сорттардың дәмі тіл үйіреді және тасымалдауғатөзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауынсыяды. Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандар үлкен табыс тауып,күллі Ресей мен Еуропаның бірнеше елдерінің нарығына кіріп отыр.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегілогистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа даелдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атапайтқанда, қонақ үй, дәмхана, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшекдүкенінің қызметтері қарастырылған. Алдағы уақытта көкөніс сақтау қоймасы даіске қосылады.

Осылайша қауын-қарбыз бизнесі Мақтаарал ауданында тұтасбір индустрияның дамуына жол ашып отыр.

Соңғы жаңалықтар