Мақтааралда 135 балаға психологиялық көмек көрсетілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер тұрғындарына психологиялық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Түркістан облысының зардап шеккен елді мекен тұрғындарына шұғыл психологиялық және медициналық қызмет көрсетуде. Биылғы 8-18 мамыр аралығында Апаттар медицинасы орталығының бригадалары 191 адамға, оның ішінде 13 балаға медициналық көмек берді, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Апаттар медицинасы орталығының психологтары 310 тұрғынға, оның ішінде 135 балаға психологиялық жәрдем көрсетті», - делінген ТЖК мәліметінде.