Сайыс ережесі бойынша қатысушылар «Сәлем – сөздің анасы», «Өлең – сөздің патшасы», «Зерделінің ойы озық», «Қазақ қызы – шаңырақтың шырақшысы» және «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты сындардан өтті.
Арулар сөз мәдениетін танытып, ұлттық киімдер үлгісі мен өнерін, білім деңгейін көрсетті. Ұлттық дәстүр мен мәдениетті, әдет-ғұрыпты бойына жинақтаған зерделі де зерек арулар қоғамдағы қазақ қыздарының рөлі туралы ойларын жеткізді.
Байқау соңында қарсыластарынан қара үзіп, озық шыққан жеңімпаздар мен жүлделі орынға ие болған бойжеткендерді аудан әкімі Бақыт Асанов марапаттады.
Ал, өзге қатысушыларға «Көрермен көзайымы», «Парасатты ару» және «Өнерлі ару» сынды номинациялар беріліп, олар ұйымдастырушылар дипломына ие болды. Сондай-ақ, бағалы сыйлықтармен марапатталды.