Су деңгейі Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарында 6 см төмендеп, 44 сантиметрді құраса, Фирдауси және Достық ауылдарында су 9 см кеміп, қазір 35 см деңгейінде. Ал Өргебас ауылында «Казсушар» мәліметіне сәйкес, судың қайтуына байланысты деңгейін қадағалау тоқтатылған.
Сонымен қатар, су басқан аймақтағы 3 мыңнан аса үйден заттар шығарылып, иелеріне тапсырылды. Сондай-ақ, судан 924 мал өлексесі шығарылды.
Жалпы су басқан ауылдарда апаттық-құтқару жұмыстарына 1626 адам, 17 жүзу құрылғысы, 324 техника, 217 су сорғы жұмылдырылған.