«Сіздерге жағымды жаңалықты жеткізгім келеді. Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендердің барлығы судан тазартылды. Онда әкімдік, Қазсушар, ТЖК, әскерилер мен Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды» деп жазады Сәкен Қалқаманов.
Айта кетейік, Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, ондағы су Мақтаарал ауданының бес елдімекенін шайып кеткен болатын.