Мақтааралдық диқандар өнімдерін экспортқа шығаруда – Түркістан облысы

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданында диқандар өнімдерін шетелге экспорттауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мақтаарал ауданында 60926,3 гектарегістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетінкөкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескіжоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2гектарға жеміс-жидек егілді», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне.

Бүгінгі таңда мақталы өлкеде бақша дақылдарын жинау науқаны қыза түскен. Қазірдің өзінде 100 мың тоннаға жуық бақша өнімдеріҚазақстанның барлық аймағына жеткізіліп, Ресейге және Еуропаның бірнешеелдеріне экспортталып үлгерді.

Мәлім етілгендей, ерте егілген көкөністің ішінде 501,1 гектарға қырыққабат,77 гектарға қызылша, 213 гектарға болгар бұрышы, 71,5 гектарға пияз, 363,8гектарға қызанақ, 173 гектарға қияр, 210,2 гектарға баклажан, 218 гектарғасәбіз егіліп, қазіргі таңға дейін жалпы 26388,6 тонна өнім жиналған.

«Сол секілді мақтааралдық диқандар картоптан 250,5 тонна, жоңышқадан 22652тонна және аудандағы жалпы жылыжайдан 652,2 тонна өнім алған.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданының диқандарыРеспубликада ең бірінші болып және Өзбекстанға қарағанда 1 апта бұрын бақшаөнімдерін нарыққа шығарады», - деді Түркістан облысының әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар