Мақтааралдық кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады
Аталған шараға аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары, аудан имамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ерлі-зайыптылардың кәмелет жасқа толмаған бес перзенті бар. Кәсіпкер Орынбасар Жұмабаев «Мақтаарал баспана» қоры арқылы баспанаға шын мұқтаж отбасын оразаның алғашқы күнінде қуантуды жөн көргенін айтады.
«Бұл бастама тек басы ғана. Біз бүгінде аудан әкімінен бастап барлық ауылдық округтердің әкімдерінен жер телімдерін сұрап жатырмыз. Учаске беріліп жатса біз үй салып беруге дайынбыз»,- дейді Мақтаарал аудандық соттың төрағасы, «Мақтаарал баспана» қорының белсендісі Құнанбай Мұсаев.