Мақтааралдық жастарға «нөлдік» төзімділік қағидасы түсіндірілді
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткен кездесуге Мақтаарал ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы мен «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, үздік жас блогер Олжас Мамыр, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев қатысты.
Кездесу барысында қоғамда жиі орын алатын заңбұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер жайында айтылып, алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, өткен жылдың үздік блогері атанған Олжас Мамыр бүгінде қоғамда кеңінен қанат жайған әлеуметтік желі пайдаланушыларының мәдегиеттілігі мен құқықтық сауаттылығы, жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғады.
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянының аражігін ажыратып берді. Өз кезегінде полиция инспекторлары аталмыш колледждің тәртібі мен тәрбие жұмыстарының нәтижесінде соңғы 2 жылда колледж оқушылары бірде-бір тәртіп бұзбаған, бұзақылық немесе қылмыстық іс-әрекеттерге бармаған.
Жиын соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Қахраманұлы басқосуды қорытындылап, жастарды тәртіп бұзбауға шақырды.