Мақтау сөзбен көңілімді босата алмайсыздар - Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мақтау сөзбен көңілімді босата алмайсыздар.

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын соңында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір сіздер менің атыма көптеген  мақтау сөзді естідіңіздер. Менің мұндай тәжірибем, жасым бар. Әрине, мұнымен менің көңілімді босату мүмкін емес. Бұған қоса, бізге жұмыс істеуге тура келген басқа да басшылардың тәжірибесін сіңіргенмін. Жалпы, шын мәнінде бір нәрсе жайында сөз қозғаған өте дұрыс. Дегенмен, одан артық айтылмауы тиіс. Бірақ, қалай десек те, барлықтарыңыздың жылы сөздеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл мені алдағы істерге шабыттандыру үшін жасалып отыр деп санаймын. Сіздерді қазір де шабыттанып отырмын деп сендіргім келеді», - деді салтанатты жиынды аяқтаған Қазақстан Президенті.