Мал дәрігерлері басында оғы бар мысықты құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі көшелерінің бірінен қала тұрғындары бет-аузын қан басқан қаңғыған мысықты тауып алған. Зардап шеккен жануарды олар хайуанаттарға арналған ауруханаға жеткізген.

Мал дәрігерлеріне басында мысық биіктен құлап кеткен немесе көлік доңғалағының астына түскен болуы керек деген ой келген. Алайда бәрі мүлде басқаша болып шықты. Жануардың басынан оқ табылды.

«Рентгенографиядан өткеннен кейін біздің ұжымдағылардың бәрі жағаларын ұстады. мысықтың басынан оқ шықты. Оған ота жасалып, оқ алынды. Жануар біртіндеп қалпына келе жатыр. Мысықтың тамақ жей бастауы оның беті бері қарағанының белгісі», - дейді клиниканың мал дәрігері Нина Шубина.