МАДРИД. ТАСС-ҚазАқпарат – Жексенбіде Испанияның Мальорка аралында шағын ұшақ пен тікұшақ соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Инка муниципалитетінде жергілікті уақытпен күндізгі сағат 13:35-те тікұшақ және жеңіл ұшақтың қатысуымен әуе апаты орын алды», - деп жазды өңірлік үкімет Twitter парақшасында.
El Periódico газетінің хабарлауынша, апат салдарынан жеті адам қаза тапқан. Оның ішінде екі бала бар. Оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ.
Тәртіп сақшылары апат бойынша тергеуді бастап кетті.
Фото: diariodemallorca
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.