Холдинг басшысының айтуынша, мал шаруашылығында шапшаңдатылған өсім үдерісін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында республика өңірлерінде малды өсіру және табынды басқарудың заманауи орталығын құрған аса маңызды мәселе.
«Бұл ретте орталықтың бірқатар негізгі функциялары болады. Атап айтқанда, малды сәйкестендіру негізінде табынды басқарудың, бастапқы зоотехникалық есептің ақпараттық жүйесін құру, малдың генетикалық сұлбасын жасау, ДНК маркері арқылы ұрықтандырудың тазалығын бақылау секілді шаралар қамтылады. Сонымен бірге, жасанды будандастыру стансылары құрылып, бұған сапалық қасиетіне қарай бағаланған бұқалар жеткізіледі», - деді А. Мамытбеков.
13:49, 08 Қараша 2010
Мал өсірудің заманауи орталығын құру қажет - «ҚазАгро» басшысы
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізге мал өсірудің және табынды басқарудың заманауи орталығын құру қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Асылжан Мамытбеков осындай ұсыныс білдірді.